О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2006 года № 307 «О районном бюджете Мендыкаринского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Меңдіқара ауданының 2007 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-48 2006 жылғы 27 желтоқсан, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2006 жылғы 28 желтоқсанның 53 санында, 2007 жылдың 4 қаңтардағы 1 санында және 11 қаңтардағы 2 санында жарияланды; бұдан бұрын Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 16 қаңтардағы «Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 322 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-49 2007 жылғы 1 ақпан, аудандық «Меңдіқара үні» газетінде 2007 жылғы 15 ақпанның 7 санында және 2007 жылғы 1 наурыздағы 9 санында жарияланды). Аталмыш шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 241406 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 237905 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1901 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 1600 мың теңге; ресми трансферттер түсімдері бойынша - 553743 мың теңге; оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 332286 мың теңге; 2) шығындар - 807898 мың теңге; 3) тапшылық - 12749 мың теңге, қаражаттық жыл басындағы 12749 мың теңге сомасындағы бос қалдықтарды тарту есебімен жабылады."
Тармақ 2
2. Аталмыш шешімнің 1, 3, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджеттің жобасы
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 360 шешіміне 1-қосымша 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджеттің жобасы
Басқа 5. 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 360 шешіміне 3-қосымша 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 6. 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық әр селолық бюджеттік бағдарламалары
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 360 шешіміне 4-қосымша 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық әр селолық бюджеттік бағдарламалары