О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2006 года № 307 «О районном бюджете Мендыкаринского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Меңдіқара ауданының 2007 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-48 2006 жылғы 27 желтоқсан, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2006 жылғы 28 желтоқсанның 53 санында, 2007 жылдың 4 қаңтардағы 1 санында және 11 қаңтардағы 2 санында жарияланды; бұдан бұрын Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 16 қаңтардағы "Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 322 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-49 2007 жылғы 1 ақпан, аудандық «Меңдіқара үні" газетінде 2007 жылғы 15 ақпанның 7 санында және 2007 жылғы 1 наурыздағы 9 санында жарияланды; Меңдіқара аудандык мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі "Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 360 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-62 2007 жылғы 19 мамыр, аудандық «Меңдіқара үні" газетінде 2007 жылғы 24 мамырдағы 22 санында және 2007 жылғы 31 мамырдағы 3 санында жарияланды; Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 7 шілдедегі "Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 384 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-67 2007 жылғы 3 тамыз, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2007 жылғы 16 тамыздағы санында жарияланды) Аталмыш шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 245 906 мың теңге, оның ішінде:
салықтық тусімдер - 239 563 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 848 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 4 495 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша- 568 561 мың теңге:
оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 332 286 мың теңге;
2) шығындар - 827 216 мың теңге;
3) тапшылық- 12749 мың теңге, қаражаттық жыл басындағы 12749 мың теңге сомасындағы бос қалдықтарды тарту есебімен жабылады.".
Тармақ 2
2. Аталмыш шешімнің 1, 3, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынаң бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Басқа 5