О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Узункольского района от 20 февраля 2006 года № 35 «а» «Об Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест» Қолданыста
Басқа 0
«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 35 «а» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасынның 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 қарашадағы № 107-ІІ Заңына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-17, «Нұрлы жол» 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 35 «а» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспе сөз басы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-ІІ Заңына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
2) барлық мәтін бойынша «жергілікті (аудандық) бюджет есебінен» сөздері «бюджеттік қаражатынан» сөздерімен ауыстырылсын;
3) 9-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге жұмыс берушілердің шығындары, мәслихат шешімімен келісілген, лайықты бюджеттен өтеледі»;
«Талап етуге немесе банкінің ақшалай төлем карточка шотына салым бойынша еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметі үшін комиссиондық сыйақыны төлеуге жұмыс берушілердің шығындары, мәслихат шешімімен келісілген, лайықты бюджеттен өтеледі».