О внесении изменения в решение городского маслихата от 20 декабря 2006 года № 38/362 "Об установлении ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды деятельности" Күшін жойған
Басқа 0
«Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 38/362 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 394 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №38/362 «Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-58, «Балқаш өңірі» газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы №3 санында, «Северное Прибалхашье» газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы №4 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда айтылған шешімнің қосымшасында, «Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер» нөмірі 9 жолда, «Бекітуге ұсынылатын ставка» бағанындағы «50» саны «22» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағамбетов Е.К.) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қала әкімі
Токушев Қ.Ә.
14.02.2007ж.
Балқаш қаласы бойынша
салық комитетінің
төрайымы
Мукеева Р.Т.
14.02.2007ж.