О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 20 января 2006 г. № 4/1 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан в 2006 году». Зарегистрировано в управлении юстиции Иртышского района 3 февраля 2006 года НГР 12-7-25 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылы жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы» 2006 жылдың 20 қантардағы № 4/1 аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы. МТН 12-7-25 2006 жылы 3 ақпандағы Ертіс ауданының әділет басқармасында тіркелген Іс жүзіндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке санаттағы азаматтарға әлеіметтік көмек, аз қамтылған отбасындағы жалпы білім беру мектеп түліктеріне, ата-аналарынан қамқорсыз қалғандарға, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының төлемдері үшін және 61 жылдық мерекелік Жеңісінің қарсаңында, 1941 - 1945 жылдарында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 20 қантардағы № 4/1 әкімдігінің қаулысымен бекітілген «2006 жылы жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі» МТН 12-7-25 2006 жылдың 3 ақпандағы Ертіс ауданнының әділет басқармасында тіркелген, 2006 жылдың 16 ақпандағы № 11 «Ертіс нұры» газетінде жарияланған Нұсқауға келесі өзгертулер енгізілсін: 1) 1 тармағы 8) тармақша төмендегі редакцияда баяндалсын: «8) Жаңа жылға және балаларды қорғау күніне – аз қамтамасыз етілген отбасындағы балалар, бірыңғай жетімдер, мүгедек балалар»; 2) 4-ші тармақтағы 4), 9), 10), 24) тармақшалар төмендегі редакцияда баяндалсын: «4) жергілікті моншаға бару үшін бір адамға аптасына 125 теңге, айына шашын қиюға шатаразға 150 теңге және үйде 200 теңге»; «9) орта мектеп түлектерінің облыстың ЖОО-дағы оқуларына жасалған келісім-шарт бойынша толық оқу төлемі»; «10) облыстың ЖОО мен АОКОО студенттердің оқуларына жасалған келісім-шарт бойынша толық оқу төлемі»; «24) ЧАЭС апатын жою мен Ауған соғысына қатысушыларға тоқсан саынғы сауықтыру көмегі үшін – 2060 теңге, бір жолғы көмек 7 Мамырға – 4145 теңге және Ауған соғысына қатысушыларға Ауған жерінен әскерлерді шығару күніне арналған – 5150 теңге мөлшерде». 3) 5-ші тармақтағы 7-ші тармақша төмендегі мазмұнымен толықтырылсын: «емделу мекемелерінен тиісті сауықтыру туралы медициналық анықтамасы».
Тармақ 2
2. Студенттердің оқуларын толық өтеу үшін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қосымша қаражаты қарастырсын.