О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 20 января 2006 года № 4/1 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан в 2006 году». Зарегистрировано в управлении юстиции Иртышского района 3 февраля 2006 года НГР 12-7-25 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылдың 20 қаңтардағы № 4/1 аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы. МТН 12-7-25 2006 жылғы 3 ақпанда Ертіс ауданының әділет басқармасында тіркелген Қолданбалы заңнамаға сәйкес әкімдік актілерін сәйкестікке келтіру мақсатында, сонымен қатар аудандық оқыту және емдеу орындарына жұмыс істеуге келген жас мамандарға әлеуметтік көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 3 ақпандағы Ертіс аудандық әділет басқармасында МТН 12-7-25 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 ақпандағы «Иртыш» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2006 жылдың 20 қантарындағы «2006 жылдары жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 4/1 қаулысымен бекітілген, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 қантарындағы» «2006 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» № 4/1 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 127/4 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен (Ертіс аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 26 мамырында МТН 12-7-32 тіркелген, 2006 жылғы 1 маусымындағы «Иртыш» газетінің 41 нөмірінде жарияланған) келесідей өзгертулер енгізілсін: 1) 4-ші тармақтын 35) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «35) мамандығы бойынша еңбекпен қамтылған жас мамандар мұғалімдерге, ЖОО түлектеріне – 50000 теңге, ОКОО түліктеріне – 2500 теңге; мамандығы бойынша жұмыспен қамтылған дәрігерлерге, ЖОО түліктеріне – 100000 теңге, ОКОО түліктеріне – 25000 теңге».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қосымша қаражат іздестірсін.