О внесении изменений в постановление акимата района от 20 апреля 2006 года № 92 «О проведении в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождений, не имеющих права на отсрочку» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің «Әскерге шақырудан қалдырылуға құкығы жоқ 1979-1988 жылы туған азаматтардың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын өткізу туралы» 2006 жылғы 20 сәуір № 92 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-ші бабы 1-ші тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңының 20-шы бабына және Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-ші бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің «Әскерге шақырудан қалдырылуға құкығы жоқ 1979-1988 жылы туған азаматтардың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын өткізу туралы» 2006 жылғы 20 сәуір № 92 (2006 жылғы 21 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-10-32, 2006 жылғы 19 мамырдағы № 25 «Знамя труда» газетінде басылған) қаулысына өзгертулер енгізілсін: 2-ші тармақта: аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамынан Солоха Галина Захаровна шығарылсын; аудандық әскерге шақыру комиссия құрамына Билялова Гүлнәр Ғабитқызы, комиссия хатшысы етіп орталық аудандық аурухананың мейірбикесі енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.С.Бүйрекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Келісілді Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.Коробкова 25.09.2006 ж. Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.Сүлейменов 25.09.2006 ж.