О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 и 6 ноября 2007 года N 1039 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 және 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде: "Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде: 2-кезеңде: 2008 жыл: "Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады." деген абзацтағы "екі тетігін" деген сөздер "мынадай тетіктерін" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: "3-тетік. Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды: 1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы; 2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы."; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын: "20. Тұр­ғын үй на­ры­ғын­да­ғы аху­ал­ды тұ­рақ­тан­ды- ру жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау Қа­зақ- стан Респу- бли­ка­сы Үкі­ме- ті­нің қа­улы­сы Қар­жы- ми­ні, ИСМ, ЭБ­ЖМ, Әді­лет- ми­ні, Аста­на қа­ла­сы- ның әкі­мі 2008 жы­л­ғы сәу­ір- жел­тоқ­сан 41 млрд. тең­ге Рес­пуб- ли­ка­лық бюд­жет ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.