О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 20 апреля 2007 года № 113/5 "Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2007 года" Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 113/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"
Заңы 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" №№318 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" № 623 қаулысына сәйкес, кадрлар өзгерісіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" №№113/5 (Павлодар облысы әділет департаментінің тізілімінде 2007 жылғы 3 мамырда № 3088 болып тіркелген, 2007 жылғы 9 мамырдағы № 53 "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған облыстық шақыру комиссиясының құрамына:
Алдажаров Асайын Қинашұлы
-облыс қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, төраға ретінде (келісім бойынша) енгізілсін;
Оразалинов Әнуәрбек Ғинаятұлы көрсетілген комиссияның құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Келісілді:
Облыс қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
А. Алдажаров