О внесении дополнений в постановление 20 апреля 2007 года № 120 О реализации решения Камыстинского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Камыстинского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 20 сәуірдегі № 120 «2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 Қамысты ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы «Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 64-1- бабына сәйкес, Қамысты ауданы мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсан айындағы № 219 «Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-52 2007 жылғы 24 мамырдағы, Новый путь-Бозторғай 2007 жылғы 06 шілдедегі № 27) Қамысты ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 120 «2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 Қамысты ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы «Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақ 15) тармақшаның келесі мазмұнымен толықтырылсын: «15) Қамысты ауданының құрметті азаматы атағы берілген күннен бастап ай сайын 11 айлық есептік көрсеткіш».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.