О внесении изменений в постановление акимата от 20 апреля 2007 года № 167 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, а также по возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген, жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағы негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 19-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймак шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидаларын бекіту туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 14 мамырда № 9-8-66 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2007 жылғы 8 маусымдағы № 23 санында жарияланған) қаулысының қосымшасындағы 1-тармағындағы 2-абзацында «бір ай» деген сөз «төрт ай» деп ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.