О внесении изменений в решение маслихата от 20 февраля 2007 года № 315 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 20 ақпандағы № 315 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97- бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-48, 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 14 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мәслихаттың 2007 жылғы 20 ақпандағы № 315 шешіміне мына өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта «20 пайыз» деген сөздер «15 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 2) тармақшасында «пайдалы алаңы шегінде» деген сөздер «тұрғын алаңына қарамастан 30 шаршы метр шегінде, нақтыдан аса емес» сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.