О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Зыряновского района-города Зыряновска от 20 июля 2007 года № 3549 «Об управлении коммунальной собственностью» Қолданыста
Басқа 0
«Коммуналды меншікті басқару туралы» Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 шілдедегі №3549 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағыңың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданы- Зырян қаласының коммуналдық меншігін басқаруды ұйымдастыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Коммуналды меншікті басқару туралы» Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 шілдесіндегі №3549 қаулысымен бекітілген (2007 жылдың 28 қыркүйегінде «Заря Востока» газетінде жарияланған, тіркелген №5-12-51), сатып алу құқығынсыз және мемлекеттік коммуналды меншігіндегі нысаналарды мүліктік жалдамаға беру (жалга беру) Ережелерінің 6 тармағындағы «Үнемі әрекеттегі комиссия» сөзінен кейін «Зырян ауданы- Зырян қаласы әқімдігінің қаулысымен құрылады» сөзімен толықтырылсын;
«Қаржы бөлімінің өкілі» сөздері «Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімінің орынбасары» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Коммуналды меншікті басқару туралы» Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімдігінің 2007 жылгы 20 шілдесіндегі №3549 қаулысымен бекітілген (2007 жылдың 28 қыркүйегінде «Заря Востока» газетінде жарияланған, тіркелген №5-12-51), сатып алу құқығынсыз және өтеусіз құқығынсыз меншікке табыстау, сенім басқармасына мемлекеттік коммуналды меншігіндегі қолданылмайтын нысаналарды ұсыну Ережесінің 13 тармағындағы «бүйрық» сөзі «Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімінің өкімі» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап,.әрекетке енгізіледі.