О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 20 апреля 2007 года № 69 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле - июне и октябре - декабре 2007 года» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 69 «Қазақстан Республикасының Карулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және кадрлардың өзгеруіне байланысты Әулиекөл ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 69 «Қазақстан Республикасының Карулы Күштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында кезекті шакыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-56, аудандык «Әулиекөл» газетінде 2007 жылғы 17 мамырдағы № 19 жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын (коса беріліп отыр);
Тармақша 2
2) 4 - тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын «Әскерге шақырылғандарға шақыру өткізілетіні туралы уақытында хабарлауды ұйымдастыру»;
Тармақша 3
3) 6-тармақтың 1 - тармақшасынан «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 34 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес» сөздері алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Аудандық шақыру комиссиясы
Әкімдіктің
2007 жылғы 30 шілдедегі
№ 121 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясы
Шаманаев Игорь Геннадьевич - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Қуанышбаев Болатхан Ахметұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Ермағамбетов Марат Естиярұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Гудова Елена Николаевна - дәрігер отоларинголог, медициналық комиссияның төрайымы
Ахтямова Татьяна Габдрашитовна - медбике, шақыру комиссиясының хатшысы