О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года N 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Фотр-Шевченко, селе Курык и зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 20 наурыздағы N 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру барысы туралы» отырысында Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі К. Қ. Мәсімовтің берген 2008 жылғы 11 қазандағы N 38 тапсырмасын орындау үшін, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» 2008 жылғы 20 наурыздағы N 181 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлер тізілімінде 2008 жылдың 30 сәуірде N 2009 тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы N 73 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
Тармақ 1
1 тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін қажетті жағалаулық инфрақұрылымның өндірістік объектілеріндегі су қорғау аймағына ғимараттар мен құрылыстар салуға су объектісінің ластануы мен қоқыстануын болдырмау жөнінде, қосымша іс - шаралар қабылдау талабымен, шектеу таратылмайды».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Боқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қ.Боқанов С.А. Бермұхамедов Н.А. Байжанов А.Әбдешұлы Қ. Сейлханұлы Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы 22 желтоқсан 2008 жыл Р.А. Боранбаев Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының м.а. 22 желтоқсан 2008 жыл Ы.Ы. Ноғаев Жайық - Каспий экологиялық департаменті Маңғыстау филиалының бастығы "22" желтоқсан 2008 жыл Б.Б. Өтесінов Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологилық қадағау басқармасының бастығы 22 желтоқсан 2008 жыл Ө.И.Сабиров «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бастығының м.а. 19 желтоқсан 2008 жыл Орын: Б.А.Бисенов Маңғыстау облысын табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы 22 желтоқсан 2008 жыл