О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 годы № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысынасәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында: 2 - тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5)
Тармақ 2
2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов): енгізілген толықтыруды есепке алып, Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - шығыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының теңіз айлағын 260 метрге кеңейтуге арналған биіктігі 4 метр топырақ үйіндісін су қорғау белдеулерінің шекарасын табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін; осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.З. Паритовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің директоры Б.Б.Өтесінов 28 шілде 2011 жыл Жайық - Каспий экология департаментінің Маңғыстау облыстық филиалының бастығы Б.М.Ниязов 28 шілде 2011 жыл Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы Ғ.Е.Сүлейменов 28 шілде 2011 жыл Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы Қ.С.Оразбаев 28 шілде 2011 жыл Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ж.Албытов 28 шілде 2011 жыл Маңғыстау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы С.Х.Аманбеков 28 шілде 2011 жыл Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық - Каспий бассейндік инспекциясының бастығы Б.О.Қуанов 28 шілде 2011 жыл КЕЛІСІЛДІ Б.З.Паритов Е.Е.Серікбаев Ж.А.Оспанова А.Әбдешұлы