О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 20 августа 2008 года № 219/8 «Об установлении водоохранных зон и полос реки Иртыш в границах Павлодарской области» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
«Павлодар облысы
шекараларындағы
Ертіс өзенінің су қорғау
аймақтары мен белдеулерін
белгілеу туралы» № 219/8
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/446 бұйырығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» № 42 қаулысына, бекітілген жобалау құжаттамаға» деген сөздер мен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/446 бұйрығына» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.