О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 20 марта 2009 года № 04.2-44/78 "Об утверждении Правил аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 20 марта 2009 года № 04.2-44/78 "Об утверждении Правил аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 04/2-40/88
- Қабылданған күні
- 04.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2012 AI53081_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006279_
- ЭКБ идентификаторы
- 53081
- Редакция идентификаторы
- AI53081_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:14
0 "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу туралы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5633 нөмірімен тіркелген, «Заң газетінде» 2009 жылғы 8 мамырдағы № 69 (1492) жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу ережесінде:
4-тармақтың 3) тармақшасы мына мазмұнда жазылсын:
«3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6-тармақтағы «екі» деген сөзі «бір» деген сөзімен ауыстырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тіркеу департаменті:
1 1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен келген күннен кейін бескүндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.