О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 20 февраля 2009 года № 57-ОД "Об утверждении Правил дифференциации энергоснабжающими организациями тарифов на электрическую энергию по зонам суток и (или) в зависимости от объемов ее потребления физическими лицами" Қолданыста
Басқа 0
"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5602 нөмірмен тіркелген, "Заң газетіні ң " 2009 жылғы 17 сәуір N 57 (1480) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 19. Түнгі зонаның тарифтері мынадай формула бойынша белгіленеді:
Тн = То*Кн, (3)
Кн = (Wнзим + Wнлет) / (Wозим + Wолет) , мұндағы: (4)
2 2
Кн – "электр энергиясын тұтыну минимумының" коэффициенті, коэффициентті әрбір энергиямен жабдықтаушы ұйым дербес айқындайды;
Wнзим, Wнлет, Wозим, Wолет – өңірде (энергетика жүйеде) өткен күнтізбелік жылдағы режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелері бойынша айқындалатын түнгі кезеңде және тұтастай тәулікте тұтынылатын электр энергиясының көлемі.";
26-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
30-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
33-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"W мин1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;";
34-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"W мин2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.