О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 20 февраля 2009 года № 57-ОД "Об утверждении Правил дифференциации энергоснабжающими организациями тарифов на электрическую энергию по зонам суток и (или) в зависимости от объемов ее потребления физическими лицами" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5602 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 57 (1480) нөмірінде жарияланған) "Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 123-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5666 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 29 мамырдағы N 80 (1677) нөмірінде жарияланған) енгізілген өзгерістермен, мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде: 3-тармақтың 15) тармақшасы алып тасталсын; 38-тармақтағы "45" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; 39-тармақтағы "45" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; 42-тармақтағы "он күнтізбелік күн бұрын" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.