О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 20 февраля 2009 года № 57-ОД "Об утверждении Правил дифференциации энергоснабжающими организациями тарифов на электрическую энергию по зонам суток и (или) в зависимости от объемов ее потребления физическими лицами" Қолданыста
Басқа 0
"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) нөмірінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
31-тармақ бірінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жасы бойынша зейнеткерліктегі жалғыз тұратын адамдар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін, жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайлар орын алған бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т.Көккөзова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды және тиісті ақпаратты кейіннен Заң департаментіне (М.Ш.Мукушева) ұсынуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В.Шкарупаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.