О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 20 января 2009 года № 9 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2009 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-119, 2009 жылғы 23 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған, әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 369 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-129, 2009 жылғы 24 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде № 16 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның тақырыбында, 1-тармақта "жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу" сөздерінен кейін: "қоғамдық жұмыстарға қатысатын" сөздері алынып тасталсын; "толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың," сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.