О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2009 года № 957 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы N 957 қаулысына толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционер қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы N 957 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
мына:
"Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
(келісім бойынша)"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы
Қуандық Уәлиханұлы Президентінің көмекшісі
(келісім бойынша)";
мына:
"Түймебаев - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы Білім және ғылым министрі"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
Кайрат Нематұлы қоры" акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сәрінжіпов - "Астананың жаңа университеті"
Аслан Бәкенұлы коммерциялық емес акционерлік
қоғамының президенті".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов