О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 123 "Об утверждении Правил исчисления сроков производства судебных экспертиз в зависимости от категории их сложности и определения категорий сложности судебных экспертиз" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуіріндегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесінде: 3-тармақтағы «10» және «20» сандары тиісінше «20» және «30» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.