О внесении изменения в постановление акимата от 20 апреля 2010 года № 156 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 156 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын орындау үшін Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 156 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-164 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ А. Никифоров