О внесении изменения в решение маслихата от 20 апреля 2011 года № 24 "О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 24 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 24 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9–8–176 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымда "Наше время" газетінде жарияланған) шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Денисов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысы __________________ А. Миловидов "Денисов ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ В. Филатова