О внесении изменения в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 20 сентября 2012 года № 5 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению Бухар-Жырауского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 «Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының «Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1951 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереженің 13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «13. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.