О внесении изменений в решение районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына, Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұсынысына және Түпқараған ауданының прокуратурасының наразылығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде аудандық «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2-тарау 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Оразкул Жарылгапова 5 наурыз 2014 жыл