Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года № 18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»

Ереже · № 22-3 · қабылданған 30.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no-18-4-ekb-122423/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года № 18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск» Күшін жойған Ереже ·№ 22-3 ·30.05.2018
12.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года № 18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»

Күшін жойған Ереже ·№ 22-3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года № 18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»
Атауы (қаз.)
Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-3
Қабылданған күні
30.05.2018
Қолданысқа енгізілген күні
01.05.2018
Көрсетілген редакция
12.02.2020 122423_443840.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ZA005236
ЭКБ идентификаторы
122423
Редакция идентификаторы
122423_443840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:18

0 Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы

20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы
28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Орал қалалық мәслихатының «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы

20 қарашадағы №18-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3376 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Жайық үні» - «Жизнь города» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
3-қосымшада:
бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары - 300 000»;
екінші бағандағы 1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар - 120 000
2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға - 120 000
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 120 000».

2 2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім 2018 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан
облысы әкімінің
орынбасары
___________________Б.Қонысбаева
2018 жылғы «1» маусым

Қолданыстағы