Об утверждении Инструкции по организации исчисления выслуги лет военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан и о внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 «Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9527 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта: 3 – 7-тармақтар алып тасталсын; 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1 – 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Орталық жасаған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдары есебінің түпнұсқасы;»; 1-қосымша алып тасталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережесінің 21-тармағының 19-57) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеудің ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – Орталық);
Тармақша 2
2) әскери басқару органдары, әскери бөлімдер мен мекемелер жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін әскери қызметшінің жеке ісі шығарудың болжамды мерзіміне дейін 6 ай бұрын қызмет өткергенін растағаннан кейін Орталыққа жолданады.
Тармақ 4
4. Әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) қызмет өткеретін әскери қызметшілердің қызмет өткеруін растауды офицерлер құрамына – кадр бөлімшесінің бастығы (кадр жұмысын жүргізуге жауапты), сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамының әскери қызметшілеріне – жасақтау органы (сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамы әскери қызметшілерінің жеке істерін жүргізуге жауапты) жүргізеді. Жеке істерді жолдау алдында қызметтік тізімде көрсетілген әскери қызметтің барлық кезеңдері, сондай-ақ жеңілдік шарттарында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін жазбалар тексеріледі және аттестаттау және қосымша құжаттар деректерімен салыстырылады және бұйрықтармен немесе тиісті құжаттармен расталады.
Тармақ 5
5. Қызмет өткергенін растау үшін жеке істің қызметтік тізіміне басқару органы уәкілетті лауазымды адамының қолтаңбасымен, растау күнін көрсетумен елтаңбалы мөрмен расталатын жазба жасалады. Осы жазбада қызметтің барлық күнтізбелік, сондай-ақ жеңілдік шарттарында есептелетін кезеңдер көрсетіледі. Қызмет өткергенін растау туралы жазба мынадай тәртіппен жасалады: «__ жылғы «_» бастап ҚК қызмет өткергенін растаймын: Кеңес Армиясы қатарында __ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; шет елдердің ҚК қатарында__ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; ҚР әлеуетті құрылымдарының қатарында __ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; ҚР ҚК қатарында __ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; оның ішінде жеңілдікпен есептеумен__ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; __ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін; __ жылғы «_» бастап __ жылғы «_» дейін».
Тармақ 6
6. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу мынадай құжаттардан тұратын жеке істің бірінші данасы бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) қызметтік тізім;
Тармақша 2
2) бөлімшелер басшыларының бұйрықтарынан үзінділер не қызмет, оның ішінде жеңілдік шарттарында, өткергенін растайтын архивтік анықтамалар;
Тармақша 3
3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билеттің түпнұсқасы және/немесе көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органынан анықтама);
Тармақша 4
4) басқа мемлекеттік органдарда немесе басқа елдердің Қарулы Күштерінде, оның ішінде жеңілдік шарттарында қызмет өткергенін растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) еңбек кітапшасының түпнұсқасы және оның көшірмесі (еңбек өтілі болған кезде), дипломның, білімі туралы аттестаттың және куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің (әскери қызметші әйелдер үшін) көшірмелері және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар;
Тармақша 6
6) 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек өтілі болған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Тармақ 7
7. Жеңілдік шарттарын ескере отырып, әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шалғайдағы жерлерде, сондай-ақ климаттық жағдайы күрделі жерлерде – әскери қызметшінің осы жергілікті жерге келуі және одан кетуі туралы бұйрықтардан үзінділер;
Тармақша 2
2) биік таулы жерлерде – жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігін көрсетумен бұйрықтардан үзінділер не геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі туралы анықтамалары;
Тармақша 3
3) авиациядағы ұшу жұмысында – ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі «Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 383 бұйрығымен бекітілген ұшу жұмысында ұшу уақытының нормаларын орындау туралы бұйрықтардан үзінділер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11901 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) міндеттерді орындау жүйелі парашютпен секірулерге байланысты лауазымдарда –парашютпен секіру нормаларын орындау туралы бұйрықтардан үзінділер.
Тармақ 8
8. Биік таулы жерлерде қызмет өткеретін (өткерген) әскери қызметшілердің жеке істегі бұйрықтардан үзінділерде әскери қызметші қызмет өткеретін (өткерген) бөлімшенің теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқаны көрсетілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Бұйрықтардан үзінділер болмаған жағдайда әскери қызметшінің қызмет өткеру кезеңдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125395 болып тіркелген) № 576 қаулысына сәйкес архивтік анықтамалармен расталуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
Тармақ 11
11. Орталық әскери қызметшінің жеке ісін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оның зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізеді. Зейнетақы төлемдеріне құқықты айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарының, оның ішінде еңбек өтілін ескере отырып есебі қызметтен шығарылуына байланысты бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні жасалады.
Тармақ 12
12. Келіп түскен жеке іс толық жинақталмаған жағдайда Орталық 1 жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы көрсете отырып, бұл туралы бөлімшені хабардар етеді. Бөлімшелер 3 жұмыс күні ішінде Орталыққа хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жолдайды.
Тармақ 13
13. Еңбек сіңірген жылдарын (жұмыс өтілін) есептеу кезінде есептелетін кезеңнің басталған күні нақты басталған күнге сәйкес, ал аяқталған күні – есептелетін кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күнге сәйкес көрсетіледі. Бұл ретте зейнетақылар тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезеңдердің жиынтығы осы жылдағы нақты күндер санына қарамастан, бір жылда – 365 күн, ал бір айда – 30 күн.
Тармақ 14
14. Запастан әскерге шақыру бойынша қызметке айқындалған офицердің қызмет мерзімінің басталуы жергілікті әскери басқару органының қызметке шақыру туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап, не офицердің нұсқама бойынша қызмет орнына кеткен күнінен бастап белгіленеді.
Тармақ 15
15. Есепте әскери қызметтің барлық күнтізбелік кезеңдері және жеңілдіктер шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезеңдер, сондай-ақ зейнетақыға жалпы еңбек сіңірген жылдары бөлек көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары және/немесе жалпы еңбек өтілі 25 жылдан аз болған жағдайда есепте «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығының болмауы туралы жазба жасалады. Есепте еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін құжаттарға қатысты жазбалар болуы мүмкін.
Тармақ 17
17. Еңбек сіңірген жылдарының есебіне Орталықтың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, реттік нөмірін бере отырып, Орталықтың елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Әскери қызметшілер қызметтен шығарылған кезде бөлім тізімінен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдарының түпкілікті есебі жүргізіледі. Қорытындылары есептің екінші бетінде 20__ жылғы «___» ______ жағдай бойынша жалпы еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды, олардың ішінде: еңбек сіңірген жылдары - ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде күнтізбелік есептеуде - ___ жыл ___ ай ___ күнді, еңбек өтілі - ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде: күнтізбелік есептеуде - ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды» мөртаңбасын қоюмен шығарылады.
Тармақ 18
18. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі жалғыз данада осы Нұсқаулыққа 1 – 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке істерді есепке алу кітабында тіркеледі. Еңбек сіңірген жылдарының есебі жоғалған кезде Орталық жеке іс және лауазымды адамның есепті жоғалту фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдары негізінде еңбек сіңірген жылдары есебінің телнұсқасын береді.
Тармақ 19
19. Әскери қызметке шақырылғанға дейін еңбек өтілі жоқ әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 20
20. Орталық зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есептері бекітілгеннен және «Еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығында жүргізілді» мөртаңбасы қойылғаннан кейін жеке істерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін бөлімшеге қайтарады.
Тармақ 21
21. Зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарының бекітілген есебі ол жасалған күннен бастап 1 жыл ішінде жарамды, әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарына ықпал ететін жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда қайта қаралуға жатады.
Тармақ 22
22. Жеке іс бөлімшеге келіп түскеннен кейін жауапты лауазымды адам әскери қызметшіні қол қойдырумен оның еңбек сіңірген жылдарының есебімен таныстырады. Әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарының есебімен келіспеген жағдайда оның қарсылығы есеп келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қаралады.
Тармақ 23
23. Егер әскери қызметшінің үздіксіз еңбек сіңірген жылдары 12 жыл 6 айдан аз болған жағдайда еңбек сіңірген жылдарының есебі қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептемей жүргізіледі. Егер жеке іс еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін қайта келіп түскен жағдайда бұдан бұрын жасалған есеппен жеке іске тіркелетін жаңадан жасалған есеппен ауыстырылады және қызметтік тізімнің бірінші бетінде қайта есептеу күні туралы жазба жасалады және Орталықтың уәкілетті адамы қол қояды.
Тармақ 24
24. Әскери қызметшінің қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептеу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) еңбек кітапшасының төлнұсқасының және оның көшірмесінің (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек қызметі бар болған жағдайда), диплом, білімі туралы аттестат,балаларының туу туралы куәліктері көшірмелерінің, сот шешімінің не еңбек қызметін растайтын архивтік анықтама. Әскери қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер жеке істің қызметтік тізімінің тиісті бөлігінің деректеріне сәйкес болуы тиіс;
Тармақша 2
2) міндетті зейнетақы жарналарының аударылғандығын растайтын салымшының транзиттік шоттары бойынша айналым ведомосының (1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болған жағдайда). 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударылғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, еңбек өтілін растайтын құжаттарға қосымша тиісті органдардан жұмыс берушінің мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы анықтама ұсынылады.
Тармақ 25
25. Еңбек өтілін есептеу үшін әскери қызметке шақырылғанға дейін дипломда немесе білімі туралы куәлікте оқуды бастаған күні көрсетілмеген жағдайда оқу жылын бастаған күні 1 қыркүйек болып белгіленеді.
Тармақ 26
26. Әскери қызметші ұжымдық шаруашылықта мүшелікте болған жағдайда оның еңбек өтілі ұжымдық шаруашылық басқармасы белгілеген еңбекке араласуының жылдық нормасын (еңбеккүнді) орындауға тікелей байланысты айқындалады. Бұл ретте еңбеккүндерінің жылдық нормасын орындамаған жағдайда еңбек өтілі осы норманы орындаудың пайыздық қатынасын айқындау және бір жыл ішіндегі күндердің санына (365 күн) сүйене отырып, еңбек өтілі күндерінің санын шығару жолымен есептеледі.
Тармақ 27
27. Әскери қызметшілер (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде бірге тұрған кезеңі мынадай құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімнен (мекемеден) осы елді мекенде жұбайымен (зайыбымен) бірге тұрғандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгендігі және көрсетілген жергілікті жерде көрсетілген мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауы туралы анықтама.
Тармақ 28
28. Қызметке шақырылғанға дейін еңбек өтілі бар әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 2 – 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 29
29. Қызметке шақырылғанға дейін жеңілдік шарттарында есептелуге тиіс еңбек өтілі бар әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған айы, кү­ні және жы­лы жыл­дар ай­лар күн­дер жыл­дар ай­лар күн­дер 1. Күн­тіз­бе­лік қыз­мет мер­зі­мі Жиы­ны: 2) Қыз­мет­тің бір айы үшін екі ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Бар­лы­ғы: 2. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін қыз­мет ке­зең­де­рі Жиы­ны: 3) қыз­мет­тің бір айы үшін бір­жа­рым ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: 1) қыз­мет­тің бір айы үшін үш ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім Бар­лы­ғы: Жал­пы ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­ның ЖИЫ­НЫ Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім Зей­не­та­қы­ға то­лық жыл­дар са­ны 20 _ жылғы «__»__________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қызмет маманы _______________ _____________________________________ Қызмет бастығы_______________________ Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін) қолы керек емесін сызу керек
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндігі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған айы, кү­ні және жы­лы жыл­дар ай­лар күн­дер жыл­дар ай­лар күн­дер 1. Күн­тіз­бе­лік қыз­мет мер­зі­мі Жиы­ны: 3. Ең­бек өті­лі Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Жиы­ны: 2. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін қыз­мет ке­зең­де­рі Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: 1) қыз­мет­тің бір айы үшін бір­жа­рым ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Бар­лы­ғы: Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім Жал­пы ең­бек өті­лі Жал­пы ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры Зей­не­та­қы­ға то­лық жыл­дар са­ны 20 _ жылғы«__»________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қызмет маманы _______________ _____________________________________ Қызмет бастығы_______________________ Есеппен таныстым __________________ (келісемін, келіспеймін) қолы керек емесін сызу керек
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Нысан Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) жыл­дар ай­лар күн­дер жыл­дар ай­лар күн­дер Ту­ған айы, кү­ні және жы­лы 1. Күн­тіз­бе­лік қыз­мет мер­зі­мі Жиы­ны: 3. Ең­бек өті­лі Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Бар­лы­ғы: 2. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін қыз­мет ке­зең­де­рі Жиы­ны: 3. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­лі­не­тін ең­бек өті­лі Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: 1) Қыз­мет­тің бір айы үшін бір­жа­рым ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін ең­бек өті­лі Бар­лық ең­бек өті­лі Бар­лы­ғы: Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім Жал­пы ең­бек өті­лі Жал­пы ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры Зей­не­та­қығ ато­лық жыл­дар са­ны 20 ___ жылғы «__»_____ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы __________________________ Қызмет маманы_______________________ Қызмет бастығы_______________________ Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін) қолы керек емесін сызу керек
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Нысан Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) жыл­дар ай­лар күн­дер жыл­дар ай­лар күн­дер Ту­ған айы, кү­ні және жы­лы 1. Күн­тіз­бе­лік қыз­мет мер­зі­мі Жиы­ны: 3. Ең­бек өті­лі Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Бар­лы­ғы: 2. Же­ңіл­дік­тер шар­тта­рын­да есеп­те­лі­не­тін қыз­мет ке­зең­де­рі Жиы­ны: 2) Қыз­мет­тің бір айы үшін бір­жа­рым ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: 1) Қыз­мет­тің бір айы үшін үш ай Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Жиы­ны: Бар­лы­ғы: Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­лі­не­тін мер­зім Бар­лы­ғы: Жал­пы ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­ның жиы­ны Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­лі­не­тін мер­зім Зей­не­та­қы­ға то­лық жыл­дар са­ны 20 _ жылғы «__»_______ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қызмет маманы _______________ _____________________________________ Қызмет бастығы_______________________ Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін) қолы керек емесін сызу керек
Басқа 5. ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша Нысан ______ жылға дейін _____ жыл сақталсын ______________________________ №_____________-тармағы Мүк. №_____________ ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істерді есепке алу КІТАБЫ 20___жылғы «___»_________ басталды 20___жылғы «___»_________ аяқталды Рет­тік са­ны Іс қай­дан ке­ліп тү­сті Ке­ліп түс­кен күн Әс­ке­ри ата­ғы Т.А.Ә. Іс қай­да жол­дан­ды Жол­дан­ған күн Орын­да­у­шы Ес­керт­пе
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша Нысан Әскери бөлімнің (мекеменің) бұрыштық мөртаңбасы _________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ол ________ жылғы _____________ бастап _______ жылғы _____________ дейінгі кезеңде расымен ____________________________________ қызмет еткен зайыбымен (жұбайымен) (әскери бөлім (мекеме) өңірдің көрсетілуімен ______________________________________________________ бірге тұрғандығы және ол бұл (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) гарнизонда мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмағандығы туралы берілді. Әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) ___________________________________ М.П.