О внесении изменения в решение Буландынского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 5С-24/2 «О повышении базовых ставок земельного налога на земельные участки города Макинск, сельских населенных пунктов Буландынского района» Күшін жойған
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 5С-24/2 «Бұланды ауданының
Макинск қаласы, ауылдық
елді мекендерді жер учаскелерінің
жер салығының базалық
ставкаларын жоғарылату туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасынын 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңнының 6 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 «Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендерді жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 29 мамырда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендерді жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкалары 1, 2 қосымшаларға сәйкес жоғарылатылсын».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
Қ. Испергенов
19 сәуір 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Бұланды ауданы
бойынша мемлекеттік кірік басқармасы
РММ-нің басшысы
Д. Әділбеков
19 сәуір 2016 жыл