О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 614/НҚ бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызмет өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
Тармақ 3
3. Тізілім қазақ және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тізілімнің сыныптамасы:
Тармақша 1
1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;
Тармақша 3
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді. Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
Тармақша 1
1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;
Тармақша 2
2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
Тармақша 3
3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Тарау 2. 2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
Тармақ 8
8. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
Тармақша 2
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен алып тастауға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
Тармақша 3
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;
Тармақша 4
4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;
Тармақша 5
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталында өзектілендіру (жаңарту). Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) тоқсан сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге қазақ және орыс тілдерінде өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
Тармақша 3
3) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды.
Тармақ 9
9. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде тізілімге енгізілуге жатады:
Тармақша 1
1) үздіксіз негізде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) жеке болып табылмайды және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған;
Тармақша 3
3) қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде әлеуметтік маңызы бар сипатқа ие;
Тармақша 4
4) бүкіл қоғам үшін не адамдардың кең ауқымы үшін қолжетімді болып табылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу
3-тарау. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу
Тармақ 12
12. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.
Тармақ 13
13. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тәртібі:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді; Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;
Тармақша 2
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды;
Тармақша 3
3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.
Басқа 1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша нысан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі Р/с № Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рін көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің ата­уы 1 2 3 4 5 6 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
Басқа 1.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы Бө­лім Іш­кі бө­лім Ата­уы Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 001 Құ­жат­тау 00101 Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды/анық­та­ма­лар­ды және мәр­те­бе­ні алу 00102 Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес құқық­тар­ды қам­та­ма­сыз ете­тін құ­жат­тар­ды алу 002 Же­ке тұ­лға­лар мен аза­мат­тар­ды тір­кеу 00201 Же­ке тұ­лға­лар­ды тір­кеу/ мәр­те­бе­сін, тұр­ғы­лық­ты же­рін, те­гін, атын, әке­сі­нің атын (ол болған жағ­дай­да) және бас­қа де­ректе­рін ауы­сты­ру 00202 Ше­тел­де бо­лу 00203 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ке­лу 003 Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу 00301 Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 004 От­ба­сы және ба­ла­лар 00401 От­ба­сын құ­ру 00402 Туу, қам­қор­шы­лық және ба­ла тәр­би­е­леу 00403 Ба­ла­ға бі­лім бе­ру және бос уа­қыт 00404 Ба­ла­ны ба­ғу және қам­та­ма­сыз ету 005 Мү­лік және зи­ят­кер­лік мен­шік құқы­ғы 00501 Жы­л­жы­ма­лы мү­лік 00502 Жы­л­жы­май­тын мү­лік 00503 Зи­ят­кер­лік мен­шік 00504 Мү­лік және зи­ят­кер­лік мен­шік құқы­ғы са­ла­сын­да­ғы бас­қа мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 006 Ден­са­улық, ме­ди­ци­на және ден­са­улық сақ­тау 00601 Ме­ди­ци­на­лық кө­мек 00602 Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 00603 Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы 00604 Ден­са­улық, ме­ди­ци­на және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 007 Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау 00701 Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту 00702 Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту са­ла­сын­да рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру 00703 Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру, оның ішін­де зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру және әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру 00704 Аза­мат­тар­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­рын әле­умет­тік қол­дау 00705 Әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 00706 Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 008 Бі­лім және ғы­лым 00801 Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім 00802 Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да рұқ­сат ету құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) 00803 Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 009 Биз­нес және кә­сіп­кер­лік 00901 Биз­не­стің неме­се же­ке кә­сіп­кер­лік­тің ба­ста­луы 00902 Же­ке кә­сіп­кер неме­се заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті­нің тоқ­та­уы 00903 Бел­гі­лі бір қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 00904 Өнім­дер­дің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өн­ді­ру­ге рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 00905 Өнім­дер­дің же­ке­ле­ген түр­ле­рін са­тып алу­ға, өт­кізу­ге және сақ­та­у­ға (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) рұқ­сат ету құ­жат­та­рын бе­ру 00906 Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті қол­дау 010 Ту­ризм 01001 Ту­ризм са­ла­сын­да­ғы өзге­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 011 Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция 01101 Ав­то­мо­биль кө­лі­гі 01102 Әуе кө­лі­гі 01103 Те­мір­жол және су кө­лі­гі 01104 Кө­лік және ком­му­ни­ка­ци­я­лар са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 012 Қор­ша­ған ор­та­ны және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін, та­би­ғи ре­сур­стар­ды қор­ғау 01201 Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау 01202 Су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну 01203 Ор­ман ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну 01204 Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну 01205 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну 013 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы 01301 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 01302 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да рұқ­сат құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 014 Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­гия 01401 Отын және энер­ге­ти­ка 01402 Тех­но­ло­ги­я­лар 01403 Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01404 Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 015 Мұ­най-газ са­ла­сы 01501 Мұ­най-газ са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01502 Мұ­най-газ са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 016 Са­лық­тық әкім­ші­лен­ді­ру, бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп, ауди­тор­лық қыз­мет 01601 Са­лық­тық әкім­ші­лен­ді­ру 01602 Бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп­ті­лік 01603 Ауди­тор­лық қыз­мет 017 Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау 01701 Банк­тер қыз­ме­ті са­ла­сын­да рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01702 Зей­не­та­қы қор­ла­ры­ның қыз­ме­ті са­ла­сын­да рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01703 Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі на­ры­ғы са­ла­сын­да рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01704 Қар­жы на­ры­ғы мен қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 018 Ке­ден ісі 01801 Ке­ден ісі са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 019 Қа­уіп­сіз­дік, қор­ға­ныс және сот әділ­ді­гі 01901 Қа­уіп­сіз­дік, сот әділ­ді­гі және қор­ға­ныс са­ла­сын­да рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 01902 Қа­уіп­сіз­дік, сот әділ­ді­гі және қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 020 Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау 02001 Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау са­ла­сын­да өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 021 Дін 02101 Дін са­ла­сын­да өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 022 Жер қа­ты­на­ста­ры, гео­де­зия және кар­то­гра­фия 02201 Жер қа­ты­на­ста­ры 02202 Гео­де­зия және кар­то­гра­фия 023 Мә­де­ни­ет, ақ­па­рат және бай­ла­ныс 02301 Бай­ла­ны­сты ұй­ым­да­сты­ру және ұсы­ну са­ла­сын­да рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) 02302 Ақ­па­рат 02303 Мә­де­ни­ет 024 Тө­тен­ше жағ­дай­лар 02401 Тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 025 Дене шы­нық­ты­ру және спорт 02501 Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 026 Сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы қыз­ме­ті 02601 Сәу­лет және қа­ла құ­ры­лы­сы са­ла­сын­да рұқ­сат ету құ­жат­та­рын (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да) бе­ру 02602 Сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 027 Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық 02701 Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 028 Сырт­қы са­я­сат және ше­тел іс­те­рі 02801 Сырт­қы са­я­сат және ше­тел іс­те­рі са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 029 Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу 02901 Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 030 Мем­ле­кет­тік қыз­мет 03001 Мем­ле­кет­тік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы өзге де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 031 Бас­қа 03101 Ға­рыш ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну 03102 Апо­стиль қою 03103 Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну 03104 Мем­ле­кет­тiк кәс­i­по­рын­дар және мем­ле­кет­тік мен­шік 03105 Же­ке тұ­лға­лар­ды мем­ле­ке­тік қол­дау ша­ра­ла­ры Қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 032 Әле­умет­тік ба­ғыт 03201 Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат са­ла­ла­рын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 03202 Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 033 Эко­но­ми­ка­лық ба­ғыт 03301 Кө­лік са­ла­сын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 03302 Өнер­к­ә­сіп және ТКШ са­ла­ла­рын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 03303 Отын-энер­ге­ти­ка ке­ше­нін да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 03304 Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау және да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
Басқа 1.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны Р/с № Құ­ры­лым­дық эле­мент Қол­да­ны­с­та­ғы ре­дак­ция Ұсы­ны­лып отыр­ған ре­дак­ция Негіз­де­ме (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да) 1 2 3 4 5
Басқа 1.4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың са­на­ты Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне) Ақы­лы бо­луы (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне) 1 2 3 4 5 6 7 8 оның ішін­де: Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі­нің ны­са­ны (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған) Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі (құ­жат­тар ті­зі­лі­мі) Ті­зі­лім­ге то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу негіз­де­ме­сі (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да) Құқық­тық негіз­де­ме тө­лем мөл­ше­рі 9 10 11 12 13 14 15
Басқа 1.5. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны Р/с № Құ­ры­лым­дық эле­мент Қол­да­ны­с­та­ғы ре­дак­ция Ұсы­ны­лып отыр­ған ре­дак­ция Негіз­де­ме (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да) 1 2 3 4 5
Басқа 1.6. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізуге арналған ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізуге арналған ұсыныстар нысаны Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды Қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 1 2 3 4