О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 октября 2015 года № 194 «Об утверждении типового договора пенсионного аннуитета, установлении Методики расчета страховой премии и страховой выплаты из страховой организации по договору пенсионного аннуитета, допустимого уровня расходов страховой организации на ведение дела по заключаемым договорам пенсионного аннуитета, а также ставки индексации страховой выплаты» Күшін жойған
Басқа 0
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1) сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан аспайтын және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызы мөлшерінде;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартында:
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1) сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауға тиіс;»;
1-қосымша «Сақтандыру төлемдерінің кестесі» осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.»;
1-қосымша «Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын, зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу» осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-қосымша «Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеуге арналған өлім-жітім көрсеткіштері» осы қаулыға
3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
1-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша
Төлеу күні
Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)
Сатып алу сомасының мөлшері (теңге)
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.
Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Актуарий ____________________________________ _________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
2-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 1-қосымша
Тармақ 1
1. Ағымдағы құн факторы алушының зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:
мұнда:
- дисконттаушы фактор;
i - кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
j - индекстеу мөлшерлемесі;
ipx - аннуитенттің х жасынан x+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы.
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;
x - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;
t - 0-ден n-ге дейінгі мәні бар ауыспалы мән;
n - аннуитет төлемдерін алған жылдардың саны;
m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:
мұнда:
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
Тармақ 3
3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
ЗЖ - зейнетақы жинақтарының сомасы;
СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;
m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
Тармақ 4
4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
СТ - сақтандыру төлемінің мөлшері;
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
3-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша
Жасы
Ерлер
Әйелдер
45
0,00506324
0,00105021
46
0,00541322
0,00115314
47
0,00578732
0,00126615
48
0,00618720
0,00139024
49
0,00661461
0,00152647
50
0,00707133
0,00167605
51
0,00755957
0,00184026
52
0,00808139
0,00202055
53
0,00856150
0,00221848
54
0,00911608
0,00243578
55
0,00974127
0,00267434
56
0,01043421
0,00293622
57
0,01119231
0,00322371
58
0,01212124
0,00353929
59
0,01305795
0,00388571
60
0,01400278
0,00426596
61
0,01501191
0,00468334
62
0,01596719
0,00514145
63
0,01692128
0,00564423
64
0,01787294
0,00619604
65
0,01882189
0,00680160
66
0,01976891
0,00746613
67
0,02067111
0,00819532
68
0,02161884
0,00899540
69
0,02256598
0,00987319
70
0,02351273
0,01083618
71
0,02551640
0,01189253
72
0,02781936
0,01305117
73
0,03048121
0,01432187
74
0,03357435
0,01571531
75
0,03718733
0,01724312
76
0,03942173
0,01891804
77
0,04240343
0,02075393
78
0,04527532
0,02276590
79
0,04833681
0,02497042
80
0,05159970
0,02738210
81
0,05507533
0,03002636
82
0,05877769
0,03292159
83
0,06272054
0,03609071
84
0,06691831
0,03955854
85
0,07138613
0,04335197
86
0,07613984
0,04750000
87
0,08119598
0,05203393
88
0,08657181
0,05698741
89
0,09325468
0,06239659
90
0,10149249
0,06830019
91
0,11160518
0,07473955
92
0,12400550
0,08175869
93
0,13922717
0,09042079
94
0,15632075
0,10110721
95
0,17551690
0,11431587
96
0,19707469
0,13069990
97
0,22128032
0,15112112
98
0,24847002
0,17473764
99
0,27900683
0,20205015
100
0,31330354
0,23363790
101
0,35182396
0,27016395
102
0,39508920
0,31241675
103
0,44368478
0,36128724
104
0,49826864
0,41781337
105
0,55958003
0,48319612
106
0,62844965
0,55882516
107
0,70582143
0,64631980
108
0,79272471
0,74751993
109
0,87892804
0,85071915
110
1
1