Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 34 · қабылданған 03.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-236-ekb-103842/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 34 ·03.06.2016
31.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 34 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
03.06.2016
Көрсетілген редакция
31.07.2024 103842_717627.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NC006515
ЭКБ идентификаторы
103842
Редакция идентификаторы
103842_717627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:55

0 Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 236 «Тұрғын үй көмегін көрсету
ережесін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы  2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы №236 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5528 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда «Торғай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арқалық қаласының бөліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.»;
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5.Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________К.Омарова
2016 жыл «3» маусым
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
_________________ А.Кубеков
«3» маусым 2016 жыл
«Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
________________Б.Дощанова
«3» маусым 2016 жыл

Қолданыстағы