О внесении изменения в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 9
·
02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 236 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 21.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 181598_717621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23NC010007
- ЭКБ идентификаторы
- 181598
- Редакция идентификаторы
- 181598_717621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:42
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.