О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі «Маяк» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қостанай облысы бойынша «Халыққа кызмет көрсету орталығы» департаментінің Таран аудандық бөліміне (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) жүгінеді немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) арқылы баламалы негізінде өтінішпен және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн береді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________ Л. Өтешева
«21» сәуір 2016 жыл