О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне (2015 жылғы 16 сәуірде «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесінде «аудандық мәслихат» сөз тіркесі «ауданның мәслихаты» деп ауыстырылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бейімбет Майлин ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - қызметті алушы):»; 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.