О внесении изменения в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Беимбета Майлина» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.»
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.