О признании утратившим силу постановления акимата Енбекшиказахского района Алматинской области от 20 марта 2015 года № 292 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в Енбекшиказахском районе» Қолданыста
Басқа 0
«Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу туралы» Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 292 қаулысының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 292 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген );
Тармақ 2
2. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.