О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 319 «Об утверждении Правил об охране, сносе или перезакладке (переносе) геодезических пунктов» Күшін жойған
Басқа 0
«Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14172 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларда:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган – геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Рұқсат алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінішті (бұдан әрі – өтініш) электрондық нысанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді.»;
12-тармақ алып тасталсын;
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) жолдайды.
Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 6 (алты) жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ қатар геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бара отырып, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.
14. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 1 (бір) жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.
15. Уәкілетті орган оң қорытынды алған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес рұқсатты ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды алған жағдайда, Заңның 16-бабы 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілген мерзімдерде рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту туралы шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.»;
көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе
қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы №
бұйрығына
1-қосымша
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің Геодезия және
картография комитетіне
____________________________
(тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі,
____________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Нөмірі _________ «___» _______ 20__ жыл
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе
қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш
____________________________________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
____________________________________________________________________
аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға
(орнын ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.
Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _______________________________
____________________________________________________________________
Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініштің себебі
____________________________________________________________________
(себебін көрсету)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 2. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе
қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы №
бұйрығына
2-қосымша
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті
Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе
қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат
Нөмірі _________ «___» _______ 20__ жыл
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы
_______________________________________________________________
Геодезиялық пункттің орналасқан орны __________________________________
____________________________________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
Қорытынды__________________________________________________________