О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 319 «Об утверждении Правил об охране, сносе или перезакладке (переносе) геодезических пунктов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14172 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларда: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету және оларды бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері оң қорытынды алған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты береді. Теріс қорытынды алған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат береді не осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»; 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 185/НҚ Бұйрыққа қосымша Геодезиялық пункттерді қорғау,бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 2-қосымша Нысан «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­де­зия және кар­то­гра­фия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 9 (то­ғыз) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Гео­де­зи­я­лық пункт­тер­дi бұзуға неме­се қай­та са­лу­ға (ауы­сты­ру­ға) ар­нал­ған рұқ­сат не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық. 6 Тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) те­гiн көр­се­ті­ле­ді 7 Жұ­мыс гра­фи­гі 1)пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған 8 Қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі Элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы гео­де­зи­я­лық пункт­тер­дi бұзуға неме­се қай­та са­лу­ға (ор­нын ауы­сты­ру­ға) өті­ніш 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) гео­де­зи­я­лық пункт­тер тығ­ы­зды­ғы­ның, қол­да бар гео­де­зи­я­лық же­лі­ні жа­ңар­ту және да­мы­ту пер­спек­ти­ва­ла­ры­ның бол­мауы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.