О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 20 мая 2016 года № 3/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 20 мая 2016 года № 3/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/5
- Қабылданған күні
- 08.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2021 123026_507321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BP006707
- ЭКБ идентификаторы
- 123026
- Редакция идентификаторы
- 123026_507321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:09
0 Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4
«Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
9 «9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
барлық санаттағы мүгедектерге;
онкологиялық аурумен ауыратындарға;
туберкулез ауруларына;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
аз қамтылған азаматтарға, көп балалы отбасыларға;
18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;
аз қамтылған отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге;
бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғаларға;
пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3 3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.»;
11 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1) азаматтарға қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде, өтініш бойынша азаматтың кірісіне байланыссыз:
ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, 15 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде;
ауыруын растайтын анықтама негізінде, туберкулезбен ауыратындарға, 15 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа, (Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінен табиғи зілзаланы немесе өрт болғаның растайтын құжат негізінде өтініш бойынша табиғи зілзала немесе өрт болған уақыттан бастап жыл ағымында, 50 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде;
студенттері бар аз қамтылған азаматтарға және көп балалы отбасыларына, колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын төлеуге жылдық оқу құнының мөлшерінде оқу орнымен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшермесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде;
жылдық оқу құнының мөлшерінде, Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасыларынан немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттері бар азаматтарға. Төлем көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатына жататынын растайтын анықтаманың, оқу орнынан берілген анықтаманың, оқу орнымен жасасқан шарттың көшірмесінің және аудан әкімдігі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бір жолғы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бір жолғы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі
А.Исмағамбетов
2018 жылғы 8 маусым