О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2016 года № 355 «О некоторых вопросах Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
20 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік мүлікті бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге тиіс иелену және пайдалану құқықтарын және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алу мәселелерін қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.