О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 91 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14680 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі __________________ А. Жұмағалиев 2020 жылғы «____»_________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі __________________ Б. Сұлтанов 2020 жылғы «____»_________