О внесении изменении в решение Железинского районного маслихата Павлодарской области от 20 июня 2017 года № 116/6 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Железинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) Павлодар облысы Железин ауданы мәслихатының шешімінің кіріспесі облыстар 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 2314 қаулысына, сәйкес» 2) «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» қосымшасында: 5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ«Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы»бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады»; 6 тармақ толықтырылсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, Тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту Үлгілік қағидалардың 2-тарауына сәйкес айқындалған».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.