О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 368 «Об утверждении Правил отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15591 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қамауға алынғанды гауптвахтаға қабылдаған кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы және олардың дұрыс ресімделуі тексеріледі, сондай-ақ бір жынысты адам жеке басын толық қарап-тексеруді жүргізеді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тізбесі (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) бойынша тыйым салынған бұйымдар мен заттар алынады және жеке іс жүргізіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Барлық қамауға алу мерзімін өтемеген қамауға алынғанды емдеу мекемесіне шұғыл жатқызу қажеттілігі туралы медициналық қызметкердің (фельдшердің) қарап-тексеру нәтижелері мен қорытындысы бойынша әскери полиция органының бастығы әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарған судьяға және әскери бөлімнің қолбасшылығына хабарлама жолдайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.