О внесении изменения в решение Кармакшинского районного маслихата от 20 сентября 2017 года №118 «О определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов индивидуальному учебному плану» Күшін жойған
Басқа 0
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№118 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №118 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5985 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. ».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.