О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 122 «Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налог по ставкам физических лиц, по объектам налогообложения, предоставленным в рамках реализации государственных и (или) правительственных программ жилищного строительства по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы» Күшін жойған
Басқа 0
«Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16572 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі
2020 жылғы
15 қазаны № 536 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілді
Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі
№
Заңды тұлғаның атауы
1
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы
2
«Samruk-KazynaConstruction» акционерлік қоғамы