О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 20 марта 2018 года № 153 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима города Жанаозен» и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 153 «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жаңаөзен қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жаңаөзен қаласының әкімдігі 2018 жылғы 20 наурыздағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген отырған «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде: 3 тармақта: 12) тармақшасы алып тасталсын; 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»; 6-тарау алып тасталсын.
Тармақ 2
2.Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.