О внесении изменений в решение областного маслихата от 20 марта 2018 года № 17/211 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Мангистауской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)» Кодексiнiң 576-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3570 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерінде: орыс тілінде 3 және 4 тармақтарға өзгерістер енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛIСIЛДI» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б. Тілегенов «30» 05 2018 жыл «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Р.К. Тукенов «30» 05 2018 жыл «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Т. Құсбеков «30» 05 2018 жыл